Біліктілікті арттыру орталығы
Мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығында «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау және құжаттаманы басқару: жұмыс жолдары мен принциптері» тақырыбы бойынша курс жоспарланған. Курс барысында Архив ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының негізгі өзгерістері, Ұйымның істер номенклатурасын жасау: құрастыру және жүргізу әдістемесі, Мекемеде құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, Мемлекеттік сақтауға құжаттарды қабылдау (тапсыру) ережелері. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету тақырыптары бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізіледі.
Курсты аяқтаған тыңдаушыларға сертификат беріледі.
Курс ақылы негізде өткізіледі (16 академиялық сағаты заңды тұлғалар үшін 40 000 (қырық мың) теңге, жеке тұлғаларға – 20 000 (жиырма мың) теңге.
Өтетін уақыты: 2023 жылғы 6-7 сәуір.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, Астана қ. Нұржол желекжолы, 12
Байланыс ақпарат: 8 (71 72) 44-62-80, info@kazarhiv.kz