Біліктілік артыру орталығының жоспар-кестесі
2023 жылға арналған Мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығында құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздерін оқыту жөніндегі курстар мен семинарлардың
ЖОСПАР-КЕСТЕСІ
№№ | Тақырыбы | Өткізілетін мерзімі | Академиялық сағаттардың көлемі |
1 | Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау және құжаттаманы басқару: жұмыс жолдары мен принциптері | 6-7 сәуір
16-17 қараша |
16 |
2 | Архив саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер * | 20-21 сәуір
12-13 қазан |
16 |
3 | Ведомстволық сақтауда құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету | 25-26 мамыр | 16 |
4 | Ұйымдағы ғылыми-техникалық құжаттаманы сақтауды, толықтыруды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастыру | 15-16 маусым
Алматы қ. |
16 |
5 | Құжаттардың құндылығын сараптау, істерді архивте сақтауға дайындау | 14-15 қыркүйек | 16 |
6 | Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалануды ұйымдастыру: принциптер, нысандар, әдістер | 9-10 қараша | 16 |
7 | Біліктілікті арттыру жөніндегі көшпелі курстар (тақырып, оқыту тілі келісім бойынша) | Тапсырыс берушімен келісім бойынша
|
Тапсырыс берушімен келісім бойынша(16 академиялық сағаттан кем емес) |
Ескертпе:
Біліктілікті арттыру жоспар-кестеде көзделген тақырыптар мен күндер бойынша шарттық (ақылы) негізде жүзеге асырылады.
* белгіленген тақырыптар мемлекеттік архив қызметкерлері үшін тегін негізде.
Курстың ұзақтығы, бағдарламалардың тақырыбы мен мазмұны мекемелердің/ұйымдардың сұраныстарына сәйкес кеңейтілуі мүмкін.
Кестеде көрсетілген күндер топтардың толтырылуына байланысты, мекемелердің /ұйымдардың жеке сұраныстарына сәйкес өзгеруі мүмкін.