Атыраулық архивистер біліктілігін шыңдады
Бүгін, 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві базасындағы Мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығында «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы басқару, құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі» тақырыбында кезекті курсты тәмамдаушыларға сертификаттар табыс етілді.
Бұл жолғы семинарға Атырау облысының архившілері, атап айтар болсақ, Атырау облысы мемлекеттік архиві КММ хатшысы Жұмабекова Ақмарал Рамазанқызы, Атырау облысы мемлекеттік архиві КММ-нің Атырау қалалық филиалы, ҚР Ұлттық архив қорын сақтауды қамтамасыз ету, ведомстволық архивтерді қалыптастыру, мемлекеттік есепке алу бөлімінің басшысы Маштақова Гүлшат Есенаманқызы, Атырау облысы мемлекеттік архиві КММ, Ведомстволық архивтерді қалыптастыру және бақылау бөлімінің архивисті Тыныштықова Балауса Ерболатқызы, Атырау облысы мемлекеттік архиві КММ-нің Атырау қалалық филиалы, ҚР Ұлттық архив қорын сақтауды қамтамасыз ету, ведомстволық архивтерді қалыптастыру, мемлекеттік есепке алу бөлімінің архивисті Хисина Гүлдана Избанқызы, Атырау облысы мемлекеттік архиві КММ-нің Жылыой аудандық филиалы басшысынның міндетін атқарушы Досжанова Аккенже Лекерқызы, Атырау облысы мемлекеттік архиві КММ-нің Құрманғазы аудандық филиалы, архивист Қалиева Гүлжеміс Гатауқызы, Атырау облысы мемлекеттік архиві КММ, ҚР Ұлттық архив қорын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің архивисті Хасанғалиева Анар Каусқызы, Атырау облысы мемлекеттік архиві КММ-нің Мақат аудандық филиалы, архивист Шихиева Ақмарал Кадирбайқызы, Атырау облысы мемлекеттік архиві КММ-нің Исатай аудандық филиалының архивисті Науанова Лаура Есенғалиқызы және Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ архивисті Алимова Айсұлу Қайырбекқызы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ архивисті Садуова Сабира Есетқызы, «University Service Managemt» ЖМ құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің маманы Сайлаубекова Айдана Баймухамбетқызы, сондай-ақ, жеке тұлға Қойшыбаева Сұлушаш Сейітжанқызы қатысты.
Оларға екі күн бойы Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры С. Нұрланова, Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті басқармасының басшысы С.Н.Тащанова, ҚР Ұлттық архиві директорының орынбасары С.Мушкенова, ҚР Ұлттық архивінің бас қор сақтаушысы Ж. Ж.Жакипова, Ұлттық архив қорын қалыптастыру бөлімінің жоғары білікті маман-архивистері Г. Е.Кәдірғалиева, Н.С. Иргашева сынды мамандар «Архив ісі саласындағы нормативтік құқытық актілер», «Құжаттама жасау қағидалары», «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының негізгі өзгерістері», «Ұйымның істер номенклатурасын жасау: құрастыру және жүргізу әдістемесі», «Практикалық сабақ: істер номенклатурасын рәсімдеу реті», «Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланудың негізгі түрлері», «Мемлекеттік сақтауға құжаттарды қабылдау (тапсыру) ережелері.Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету», «Цифрлық трансформация контексіндегі құжаттаманы басқару және архив ісі» тақырыптары бойынша дәріс оқыды.
Семинар соңында дәрістерден алынған материалдарды игеру мақсатында тыңдаушылар арасында іскерлік ойындар ұйымдастырылып, тест сұрақтары бойынша емтихан қабылданды.
Барлық сынақтардан сүрінбей өтіп, өз білімдері мен біліктіліктерін дәлелдей алған семинар қатысушыларына Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш арнайы келіп, сертификаттар табыс етті.