«Мектепке жол» акциясы
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы аясында архив қызметкерлерінің мектепке алғашқы қадам жасаған балаларын құттықтауды және қайырымдық жасауды дәстүрге айналдырған.
Бүгін де осы дәстүр жалғасын тауып, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы Нұрланова білім ордасының есігін алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерді өмірлеріндегі ең маңызды оқиғамен құттықтап, ақ жол тілеп, қажетті оқу құралдары бар сөмкелерді салтанатты түрде табыс етті. «Тарыдай боп кіріп, таудай болып шығатын» еліміздің болашақтары алған сыйларына қуанып, мәре-сәре болды. «Білім» атты теңіздің «Мектеп» атты кемесіне қадам басқан әрбір балақайға сәттілік тілейміз!