Шеберлік шыңдау іссапары
Қыркүйектің 7-10 аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің бір топ қызметкерлері Алматы қаласына кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында іссапарда болып келдік. Іссапар барысында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «Электрондық архив және құжат жүргізу» тақырыбы бойынша оқу курсын өтті.
Курсты тыңдаушыларға дәріскерлер: ҰМҚ және ведомстволық мұрағаттардың жинақтау бөлімінің басшысы Жанайдарова Толқын Сағантайқызы, біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар – Тұрсыналиева Әсел Амантайқызы, Ерғалиева Инабат Қайратқызы, Саблин Сырым Олегович дәстүрлі және бейне дәрістерімен бөлісіп, практикалық сабақтар, шеберлік сағаттарын өткізді. Архивтің лабораториялық жұмыстарын Исакова Татьяна Петровна и Копешов Азат Турсынбайұлы егжей-тегжейлі көрсетті.
Сондай-ақ, тарихы терең Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бай мұрасын біліктілігі жоғары деңгейдегі маман Тұрсынбек Нурдина таныстырып, экскурсия жасады.
Курс соңында директор орынбасарының міндетін атқарушы Шегебаев Мақсат Болатұлы сертификаттар табыс етті.