«Елдің төрі – Елорда» құжаттық көрмесі
Астана күніне орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Елдің төрі – Елорда» атты еліміздің бас шаһарының құрылу тарихы мен дамуына арналған көрме ашылды. Мұнда Еуразия кіндігінде бой түзеп, қазығын қағып, тұғырын тіктегеніне ширек ғасырға жуықтаған жас та болса, қуатты қаламыздың қалануынан сыр шертетін мұрағаттық құжаттармен танысуға болады.
Сымдай тізілген сәулетті ғимараттар, жалпы, қаланың жарасымды келбетін танытатын жылнамалық фото материалдармен қатар, бас қаламыздың тарихынан сыр шертер құнды құжаттар келтірілген. Алатау бөктерінен Сарыарқа төріне көшірілген астананың өткені мен бүгіні барынша көрсетілген. Жаһандық деңгейдегі келелі кеңестер, алқалы жиындардың ордасына айналған, шаһардың мәдени, саяси өмірі айқын көрініс тапқан.
***
***
***
***
***
***