Мәртебелі марапат
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы білікті басшы, майталман маман ретінде Сағила Есімсейітқызын осынау мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтайды.
Құрметті Сағила Есімсейітқызы!
Сіз 23 жылыңызды мемлекеттік қызметке арнап, үлкен тәжірибеден өткен білікті мамансыз. Ұлттық архивке директор болып тағайындалғаннан бері де мекеменің одан әрі дамуына бар күш-жігеріңізді салып, талмай еңбек етіп келе жатырсыз. Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» орденін кеудеңізге тағуыңыздың өзі сол еңбегіңіздің арқасы деп білеміз.
Болашақта еліміздің тарихын түгендеп, архив құжаттарын келешек ұрпаққа аманаттау жолында бұдан да биік белестерге жете беруіңізге тілектеспіз!
***
***
***
***
***