«Ұлттық архив қоры құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне тапсыру мәселелері» семинары туралы ақпарат
2021 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Zoom платформасында «Ұлттық архив қоры құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне тапсыру мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жинақтау көздері болып табылатын мемлекеттік органдардың құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімдерінің басшылары, іс жүргізуге және архивке жауапты қызметкерлер, архивистер қатысты.
Кіріспе сөзімен шараны модератор, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы Нұрланова ашты.
Қатысушылар «Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесінің, сараптау-тексеру комиссиясы жұмысының мәселелері, құжаттарды цифрлы форматқа көшіру, құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау барысында кездесетін кемшіліктер және саланың өзге де өзекті мәселелерін талқылады.