Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ағарту семинары
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ағарту мақсатында архив қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасындағы өзгерістер және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру» тақырыбында семинар (дәріс) өткізді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының ІІБ бойынша офицері Алмагүл Кенебаева мен Департаменттің ақпараттық-ағартушылық штабының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы басшысының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов сыбайлас жемқорлық күрделі әлеуметтік, экономикалық және саяси құбылыс ретінде елдің экономикалық дамуын бәсеңдетіп, оның мемлекеттік іргетасына нұқсан келтіретінін айтып өтті.