Ғылыми кеңестің екінші отырысы

2021 жылдың 27 тамызы күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві Ғылыми кеңесінің 2021 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмысы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа тұс келетін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 15 жылдығына арналған «Тәуелсіздік және Елбасы: жасампаздықтың жаңа тарихы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына дайындық бойынша мәселелер талқыланды.
Ғылыми кеңес мүшелері аталған маңызды шаралардың орындалуы бойынша бірқатар ойларымен бөлісіп, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысатындарын атап өтті.