ҚР Ұлттық архиві директорының орынбасары Тұрсынгүл Құсайынова «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырған «Архив ісінің өзекті мәселелері және даму жоспарлары» атты республикалық кеңесі барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры орынбасары Құсайынова Тұрсынгүл Жағыпарқызы архив ісіне үлес қосқан сала ардагерлері қатарында «Архив саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.
Құрметті Тұрсынгүл Жағыпарқызы!
Сізді бүгінгі жоғары марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Осы архив саласын дамыту бағытындағы көпжылғы тынымсыз да қажырлы еңбегіңіз жана берсін.
Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбегіңізге шығармашылық табыс, отбасыңызға бақ-береке тілейміз.
Мемлекетіміздің болашағы үшін тарихи мұраны сақтаудағы ерен еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, абыройыңыз арта берсін!