Қуғын-сүргінге қатысты архив құжаттарын құпиясыздандыру кезек күттірмейтін мәселе

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова «Хабар» телеарнасындағы «Бүгін» бағдарламасында 1931-1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық туралы «Ел тарихындағы ең азалы кезең» тақырыбындағы түсіріліміне қатысты.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған бағдарламаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері – еліміздің белгілі тарихшы ғалымдары қатысып, сол қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, нәубетке қатысты тың мәлімет болатын архив құжаттарын құпиясыздандыру қажеттілігіне тоқталды.