Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты архив деректерінде
«Білесіз бе, бір адам жазған қағаз парағын қолыңызда ұстау бір ерекше сезім. Оның ойын білу, кешке шырақ жағып, осы жолдарды толғанып, қолымен маңдай терін сүрте отыра жазғанын елестету…» деп орыс жазушысы Ю.Алейникова жазғандай архивтегі құжаттар тарихқа толы, халықтың деректі ескерткіші, ұлттың тарихын сақтаушы дерекқор болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік архивтер дүниесіне іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау қажет екенін айтқан болатын. Міне сол игі іс қолға алынып, 2019 жылы аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві директорының орынбасары Тұрсынгүл Құсайынова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми-зерттеу тобымен бірлесіп шетел архивтері мен кітапханаларында, ғылыми орталықтарда археографиялық жұмыстар жүргізу, елімізге қатысты бірегей құжаттарды іздестіру мақсатында ұйымдастырылған «Шетелдік архивтердегі археографиялық жұмыстар және Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті туралы қорлар (анықтау, талдау, цифрландыру)» жобасы бойынша Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург, Қазан, Омск, Орынбор, Астрахань және т.б. қалаларының архивтерінде зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Аталған жұмыс нәтижесінде Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласындағы Ресей мемлекеттік тарихи архиві, Орталық мемлекеттік архиві, Ресей географиялық қоғамының Ғылыми архиві қорларынан, Ресей ғылым академиясының Шығыс қолжазбалар институтының қолжазбалар қорынан, Ресей Ұлттық кітапханасы қорынан анықталған қазақ тарихына қатысты құжаттардың электрондық көшірмелері Ұлттық архивтің «Шетел мемлекеттерінің архивтері, кітапханалары және ғылыми мекемелерінен алынған құжаттар көшірмелерінің коллекциясы» деп аталатын №83 қорын толықтырды. Қорда қазақтардың тұрмысы, ислам дінін ұстануы, қазақтарды отарлау саясаты, күштеп отырықшыландыру шаралары, әскери линиялардың салынуы, орыс зерттеушілерінің қазақ даласы туралы мәліметтері сынды тарихи құжаттар топтастырылған.
Ендігі жерде осы құжаттардың ішіндегі бір тарихи дерекке назар аударсақ. Бұл Ресей мемлекеттік тарихи архивінен әкелінген авторы анықталмаған «Өлкенің табиғи жағдайлары мен жерді пайдаланудың егжей-тегжейлі сипаттамасы бар дала өлкесіндегі жер мәселесі туралы 1914 жылғы жазба (Записка (автор не установлен) о земельном вопросе в степном крае с подробной характеристикой естественных условий края и землепользовании (главным образом киргиз)).
Жазба 1905 жылы қоныстандыру мәселесін реттеу мақсатында құрылған қоныстандыру мекемелерінің Басқармасы қорында сақталған. Онда XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың жаппай көшіру үрдісінің бір қыры сипатталған. Нақтылап айтсақ қоныс аударушылардың Ақмола, Семей, Торғай және Орал облыстарының аумағына қоныстануы бойынша статистикалық мәліметтер берілген, өйткені бұл солтүстік аймақтардағы неғұрлым құнарлы жерлер еді. Қоныс аударып келген шаруалар бұл аймақтардың жартысынан көбін иемденіп алған және басым бөлігі жері өте құнарлы болғандықтан Ақмола облысына жайғастырылғанын да көруге болады. Патша өкіметінің бұл көші-қон саясатының әлеуметтік-саяси салдары қазақ халқына өте ауыр болғанын да айта кету керек.
Дала өлкесінде негізгі үш топтың өкілдері қоныстанғаны көрсетілген, бұл орыс шаруалары, казактар және жергілікті қазақтар (қырғыздар). Төменгі кестеде бұл топтардың әртүрлі облыстар мен уездердегі саны берілген.
ҚРҰА. 83-қор, 6-тіз., 972-іс, 1-п.
Уездер | Шаруалар | Казактар | Қазақтар (қырғыздар) | Барлығы | ||||||||||
Ақмола облысы |
||||||||||||||
Омбы | 138 | 65 | 38 | 17 | 39 | 18 | 215 | |||||||
Петропавл | 113 | 41 | 56 | 20 | 108 | 39 | 277 | |||||||
Көкшетау | 216 | 62 | 39 | 11 | 97 | 27 | 352 | |||||||
Атбасар | 54 | 35 | 4 | 2 | 104 | 63 | 162 | |||||||
Акмола | 106 | 37 | 1 | 1 | 179 | 62 | 286 | |||||||
Облыс бойынша барлығы | 627 | 49 | 138 | 11 | 527 | 40 | 1.292 | |||||||
Семей облысы |
||||||||||||||
Павлодар | 77 | 30 | 16 | 6 | 162 | 64 | 255 | |||||||
Қарқаралы | 3 | 3 | 1 | – | 191 | 97 | 195 | |||||||
Семей | 23 | 16 | 11 | 7 | 112 | 77 | 146 | |||||||
Өскемен | 35 | 22 | 17 | 10 | 100 | 68 | 152 | |||||||
Зайсан | 14 | 12 | 3 | 2 | 100 | 86 | 117 | |||||||
Облыс бойынша барлығы | 152 | 17 | 48 | 5 | 665 | 78 | 865 | |||||||
Торғай облысы |
||||||||||||||
Ақтөбе | 100 | 44 |
– |
– |
126 | 66 | 226 | |||||||
Қостанай | 200 | 56 |
– |
– |
154 | 44 | 354 | |||||||
Торғай | 2 | 1 |
– |
– |
110 | 99 | 112 | |||||||
Ырғыз | 3 | 1 |
– |
– |
117 | 99 | 120 | |||||||
Облыс бойынша барлығы | 305 | 37 |
– |
– |
507 | 63 | 812 | |||||||
Орал облысы |
||||||||||||||
Орал | 92 | 38 | 73 | 30 | 77 | 32 | 242 | |||||||
Лбищенск | 15 | 7 | 55 | 27 | 133 | 66 | 203 | |||||||
Гурьев | 13 | 8 | 13 | 8 | 124 | 84 | 150 | |||||||
Темір | 17 | 11 | – | – | 146 | 89 | 163 | |||||||
Облыс бойынша барлығы | 137 | 18 | 141 | 18 | 480 | 64 | 758 | |||||||
Дала өлкесі бойынша барлығы | 1.221 | 34 | 327 | 10 | 2.179 | 56 | 3.727 | |||||||
ҚРҰА. 83-қор, 6-тіз., 972-іс, 3-п.
ҚРҰА. 83-қор, 6-тіз., 972-іс, 4-п.
Бұл мәліметтер 1916 жылғы ауылшаруашылық санақ нәтижелерінен алынған.
Енді Дала өлкесінің болашақ дамуын жоспарлау үшін әртүрлі топтардың көлемімен қоса олардың өсу динамикасын ауылдық және қалалық деп көруге болады.
Ауыл халқының өсуі (мың адам) |
|||||
Облыстар | Ақмола | Семей | Торғай | Орал | Барлығы |
Шаруалар | |||||
1905 жылы | 207 | 23 | 100 | 97 | 427 |
1916 жылы | 627 | 152 | 305 | 137 | 1.221 |
+420 | +129 | +205 | +40 | +794 | |
Казактар | |||||
1905 жылы | 81 | 34 | – | 131 | 246 |
1916 жылы | 138 | 48 | – | 141 | 327 |
+57 | +14 | – | +10 | +81 | |
Қазақтар (қырғыздар) | |||||
1905 жылы | 484 | 656 | 435 | 472 | 2.047 |
1916 жылы | 527 | 665 | 507 | 480 | 2.179 |
+43 | +9 | +72 | +8 | +132 | |
Қала халқының өсуі (мың адам) |
|||||
1905 жылы | 117 | 55 | 30 | 65 | 267 |
1916 жылы | 217 | 96 | 43 | 77 | 433 |
+100 | +41 | +13 | +12 | +166 | |
ҚРҰА. 83-қор, 6-тіз., 972-іс, 5-п.
Кестеден өлкеде 1905-1916 жылдары орыс халқының шаруалары басқалардан көп болғанын көруге болады. Айта кететін жайт, олардың саны осыдан 10-15 жыл бұрын мүлдем болмаған уездерде едәуір өскен. Мысалы Семей облысының барлық уездері, Орал облысының Гурьев және Темір аудандары. Бұл әрине Ресейдің қоныс аударушыларды жаппай көшіру нәтижесі.
Ауыл халқының өсуімен қатар дала өлкесінің қалалары да бұрын соңды болмаған 63% «америкалық» өсу орын алды, әсіресе темір жолдарға жақын жердегі қалаларда үлкен айырмашылық байқалды. Ал керісінше Еуропалық Ресейде халық саны небәрі 17% ғана өсті.
Өлкеге қоныстанушылардың жаппай келуі кәсіптердің дамуы, тауар айналым мен өнеркәсіптің өсуіне себеп болды. Соның салдарынан бұл жаққа жұмысшылар, қолөнершілер, әбзелшілер, саудагерлер мен делдалдар ағыла бастаған.
Көбісі өздеріне қолайлы жер таппай, қалаларға кеткен. Қайта қайтқан қоныстанушылар мен жер көріп қайтушылардың (ходоктардың) жалпы саны 1896 жылдан 1916 жылға дейін келесідей болды:
Нақты келіп қайтқандар
Облыстар | Жылдар | Қоныстанушылар | Көріп қайтушылар (ходоктар) |
Ақмола | 1896-1916
1906-1915 барлығы |
163. 033
490.257 653.290 |
40.293
102.848 143.141 |
Семей | 1896-1916
1906-1915 барлығы |
11.047
122.867 133.914 |
2.392
25.038 27.430 |
Торғай | 1896-1916
1906-1915 барлығы |
60.018
213.793 273.811 |
14.287
45.803 60.090 |
Орал | 1896-1916
1906-1915 барлығы |
36
56.338 56.374 |
8
10.798 10.806 |
Барлық облыстар бойынша | 1896-1916
1906-1915 барлығы |
234.134
883.255 1.117.389 |
56.980
184.487 241.467 |
ҚРҰА. 83-қор, 6-тіз., 972-іс, 7-п.
Барлығы Оралға сол кезде 3.067.984 қоныстанушы мен 732.361 көріп қайтушы (ходок) келген. Яғни қоныстанушылар – 29%, ал ходоктар – 25%.
Енді құжатта көрсетілген дала өлкесінен қоныстанушылардың өз еліне қайту бойынша берілген мәлімдемесіне тоқталсақ, бұл үрдісті келесі кестедегі мәліметтер айқындайды:
Облыстар | Жылдар | Қоныстанушылар | Көріп қайтушылар (ходоктар) |
Ақмола | 1896-1916
1906-1915 барлығы |
35.064 99.135 134.199 |
23.030 61.791 84.821 |
Семей | 1896-1916
1906-1915 барлығы |
2.370 12.594 14.964 |
903 16.268 17.171 |
Торғай | 1896-1916
1906-1915 барлығы |
13.409 73.744 87.153 |
12.280 37.302 49.582 |
Орал | 1896-1916
1906-1915 барлығы |
6 11.167 11.173 |
5 8.251 8.256 |
Барлық облыстар бойынша | 1896-1916
1906-1915 барлығы |
50.849 196.640 247.489 |
36.218 123.612 159.830 |
ҚРҰА. 83-қор, 6-тіз., 972-іс, 8-п.
1905 жылы қоныстандыру мәселесін реттеу мақсатында құрылған қоныстандыру мекемелері Басқармасының 1905-1917 жылдардағы 12 жылғы қызметі нәтижесінде бір миллионға жуық қоныс аударушылар жерге орналастырылған.
1892 жылы Транссібір темір жолының құрылысы шаруалардың қоныс аудару қарқынын күшейтіп, қазақтардың иелігіндегі жердің үлкен көлемін тартып алуға жол ашты. Ол Қазақстанның солтүстік өңірін басып өтті. Қоныс аударушы шаруалар тіпті адам тасуға бейімделмеген қолайсыз вагондарда келіп, Петропавл және Омбы қалаларының темір жол торабы бекеттерінде шоғырланды. Олар ашық аспан астында жатты, кейде ауа райының қолайсыз күндерін де сонда өткізді. Азық-түліктің жетіспеушілігі мен дәрігерлік көмектің болмауы салдарынан адамдардың арасында ауру-сырқау көбейіп, тіпті өлім-жітім де көп болған. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар пункттері мен аурухана барактары жедел түрде салына бастаған.
Ресей империясының шаруаларды қазақ жеріне жаппай қоныстандыруы қазақ халқының ежелден қалыптасқан салт-дәстүрін, шаруашылық жүйесін үлкен өзгеріске ұшыратты, жері талан-таражға түсті. Жергілікті тұрғындар жайлы мекендерін тастап, амалсыз ішкері қарай қоныс аударуға мәжбүр болды. Яғни шұрайлы жайылымдар мен құнарлы егістік алқаптары қоныс аударған орыстар мен казактарға берілді. Көшпелілердің ата-мекендерінен, шұрайлы жайылымдарынан айырылуы салдарынан ежелден қалыптасып келе жатқан шаруашылықты жүргізудің тиімді әдістері жойыла бастады. Отарлау саясатының салдарынан қазақ халқы материалдық жағынан ғана емес, рухани жағынан да зардап шекті.
Патша өкіметінің қазақ даласындағы отарлау, орыстандыру саясатын жүргізуінің басты бағыттарының бірі – жергілікті халықты христиан дініне тарту, шоқындыру, рухани отарлау болды.
Патша өкіметінің бұл саясаты ХХ ғасырдың басында қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресіне қозғау салды. Халықтың ұлттық санасы оянып, келешегіне көз жіберу, елдің ертеңі не болмақ деген ой толғандырды. Сол кездегі өз болашағына батыл қадам жасайтын, халқымыздың біртуар перзенттері, өз елінің нағыз патриоттары елім, жерім деп күресті.
Бүгін міне небір қилы заманды, «тар жол тайғақ кешуді» басынан өткерген қазақ халқы Егеменді ел атанды, еңсесі биіктеп, рухы шалқи түсті. Төрткүл дүниеге «қазақ» деген ұлт, «Қазақстан» деген мемлекет болып танылды.
Осы орайда Елбасымыздың «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» – деген сөздері еске түседі.
Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры – Тəуелсіздігімізді сақтайық, құрметтейік, ағайын!
Назым Биримкулова,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің бөлім басшысы