Бүгін – ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың туған күні
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы Ақтоты Райымқұлованы туған күнімен құттықтайды.
Құрметті Ақтоты Рахметоллақызы!
Сізді Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві қызметкерлерінің атынан төл мерекеңіз – туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің мәдениет, спорт, туризм сынды үш маңызды саласын қолыңызға алып, жан-жақты дамытуға бар күш-жігеріңіз бен ынта-ықыласыңызды аударып, қажырлы еңбек етіп келесіз. Терең біліміңіз бен озық тəжірибеңізді ұштастырып, ел дамуына үлес қосатын маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруда өзіңізді көрнекті мәдени қайраткер ғана емес, білікті басшы, мықты менеджер ретінде де таныта білдіңіз. Архив саласына да тың серпін беріп, батыл бастамалар мен нақты шешімдер қабылдай отырып, саланың дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатырсыз.
Бүгінгі мерейлі мерекеңізді пайдалана отырып, болашақта да ел игілігі үшін талмай қызмет ете беріңізді, қолға алған бастамаларыңыздың барлығы абыройлы болуын шын жүректен тілейміз.
Ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат, отбасыңызға амандық, басыңызға бақ-береке тілейміз.
Құрметпен,
ҚР Ұлттық архивінің директоры
Сағила Нұрланова