Архив қызметкерлері сенбілікке қатысты
Қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова бастаған ұжым жалпықалалық сенбілікке шықты. «Таза қала – бақытты қала» дегендей сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс. Сенбілік қызметкерлер арасында жұмыстан тыс әңгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді. Бұрыннан белгілі, ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайды.
Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталды, оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.
Архив қызметкерлері бір үйдің баласындай біріге жұмылып, сүйікті де көрікті қаламыз Нұр-Сұлтанды абаттандыру ісіне өз үлестерін қоса білді.
Осындай ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық.
Шара соңында архив қызметкерлері естелік суретке түсіп, жақсы ниетпен үйлеріне тарқасты.
***
***
***
***
***
***
***
***
***
ulttykarhiv.kz