«Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жұмыс мәжілісі
2021 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің базасында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары Асқар Жәкенов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов және Цифрландыру департаментінің директоры Бекболат Молдабеков, Архив ісі және құжаттама департаментінің директоры Бағдат Тансыбеков, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова, Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары Әлия Мустафина, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» Акционерлік қоғамының жобалық офис менеджері Жандос Құлжанбековтің қатысуымен «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жұмыс мәжілісі өтті.
Мәжіліс отырысында «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесін дамыту, жүзеге асыру, бақылау және басқару мәселелері талқыланды.
***
***
***
***
***
***