Тәжірибе алмасу
Ағымдағы жылдың 19-21 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қызметкерлері: директордың орынбасары Мушкенова Сауле Несіпбайқызы, қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы Байкенова Әсел Көшербайқызы, ҰАҚ жинақтау бөлімінің маманы Жұмаділова Шынар Қажымұратқызы құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бойынша ақылы қызмет көрсету тәжірибесімен алмасу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде болып қайтты.
Сапар барысында олар Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу, семинарлар өткізу, ұйымдарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты.
Сәуле Несіпбайқызы өз кезегінде әріптестерімен Ұлттық архивтің толықтыру көздері болып табылатын ұйымдармен жұмыс, ұйымдарда іс жүргізуді бақылауды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, архивтің аудандық филиалдарының қатысуымен онлайн режимінде ұйымдастырылған семинар-кеңесте Ұлттық архив қызметінің бағыттары, одан әрі даму перспективалары, болашаққа жоспарлары жөнінде айтып өтті.Маликова Сәуле Зейноллақызы басшылық ететін Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің ұжымы елордалық қонақтарды архив ғимаратымен таныстырып, Петропавл қаласындағы «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешеніне экскурсия ұйымдастырды.
***
***
***
***
***
***