Архивтегі тағылымдама
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде 2021 жылғы 19 сәуір күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қызмет) қызметкерлері «Мекемеде құжаттау, архив жұмысын жетілдіру: мәселелер және тәсілдер» тақырыбы бойынша тағылымдамадан өтті.
Бағдарлама бойынша шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова ашып, құжаттау негіздері бойынша дәріс оқыды.
Сонымен қатар Архив ісі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, Істер номенклатурасын жасау, Басқарушылық құжаттаманың құндылығына сараптама жүргізу және істердің жиынтық тізімдемелерінің жылдық бөлімдерін ресімдеу ерекшеліктері, Архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар: нормативтік сақтау режимдері тақырыптарда дәрістер оқылып, практикалық қолданыс бойынша еркін пікір алмасулар болды.
Мемлекеттік сақтауға құжаттарды қабылдау (тапсыру) ережелерінің ерекшеліктерін түсіндіру барысында агенттік қызметкерлеріне архивтік құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау және архивтік қоймаға орналастыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету тәртібі жөнінде ауқымды ақпарат берілді.
Шара соңында қатысушылар үшін Ұлттық архив ғимаратына экскурсия жүргізіліп, сертификаттар табыс етілді.
***
***
***
***
***
***
***
***
***