Ұлттық архив директоры «Сарасөзде» қонақта

ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова ABAI.TV телеарнасындағы «Сарасөз» бағдарламасының жүргізушісі, танымал журналист, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіппен сұхбаттасты. Әңгіме барысында архив саласының бүгінгі жай-күйі, болашақтағы жоспары, еліміздің жаңа тарихын қалыптастырудағы рөлі туралы сөз сарасы айтылды. ABAI.TV телеарнасының ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып, сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.