ҚР Ұлттық архивінің жігіттері нәзік жанды әріптестерін мерекемен құттықтады

Бүгін ҚР Ұлттық архивтің ер азаматтары нәзік жанды әріптестерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, шағын мерекелік концерт ұйымдастырды.
Салтанатты шара барысында ҚР Ұлттық архиві директорының кеңесшісі Әуезхан Жақсылық ұжымның қыз-келіншектерін ресми түрде құттықтап, барлық ер-азаматтардың атынан ізгі тілектерін арнады.
Мерекелік концертте ұжым жігіттері өз өнерлерін көрсетіп, әнмен шашу шашып, нәзік жанды әріптестеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова барлық ер-азаматтарға әйелдер қауымының атынан алғыстарын жеткізіп, рахмет айтты.