Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 Жарлығымен 1 Наурыз елімізде Алғыс айту күні болып жарияланды.
Алғыс айту күні – ол, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуы негізі, тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі, Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
Бұл мереке – қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын белгісі, күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві барша отандастарымызды бүгінгі шұғылалы көктемнің алғашқы күніне тұспа тұс келген Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтайды!
Әрқайсымыздың жүрегімізде ортақ жетістігімізге – өркендеп келе жатқан Қазақстанға деген мақтаныш пен ризашылық сезімі ұялай берсін! Осы мерекелі күнде елімізге бірлік, татулық пен тыныштық, әр отбасыға бақ-береке, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!