Архив ісінің дамуы – әріптестік қарым-қатынаста
2021 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнің Архив ісі және құжаттама департаментінің басқарма басшысы Гүлзира Қарсақбаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова және кеңесшісі Гаухар Хайруллина архивтiк құжаттарды цифрландыру, архивтік құжаттардың электронды архивiн құру, архив iсiнiң дамуы мен оның болашағы бойынша пiкiрлесiп, тәжiрибе алмасу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Архиві, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнің Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві, Қазақстан Республикасының Орталық ғылыми-техникалық құжаттама архиві және Қазақстан Республикасы Кинофотоқұжаттар мен дыбысжазбалар архивінде болды.
***
***
***
***
***
***
***
***
***
Кездесу барысында елордалық қонақтар әріптестерінің жұмыс тәжірибесімен танысып, архив саласындағы өзекті мәселелерімен бөлісті.
***
***
***
***