Архившілер күні құтты болсын!
2020 жылдың 22 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде мерекелік іс-шара өткізілді.
Мекеме басшысы Сағила Нұрланова әріптестерін архив саласы қызметкерлерінің бейресми кәсіби мерекесі саналатын «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған күнмен құттықтап, қызметкерлердің құжаттық мұраны сақтаудағы ерен еңбектерін атап өтті.
***
***
***
***
**
Ұлттық архивтің бірқатар қызметкерлері кәсіби мерекелеріне орай Алғыс хаттармен марапатталды.