Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мейрамы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру бөлімі қызметкерлерге «Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мейрамы» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу және даму тарихына экскурсия жасалып, Қазақстан тарихы бойынша викторина өткізілді.
Викторина сұрақтарына жауап беруге белсенді қатысқан Ұлттық архивтің қызметкерлеріне сыйлықтар табыс етілді.


