Мұрағат ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, ғылыми-әдістемелік құжаттар жинағы (2001-2007)
Мұрағат ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, ғылыми-әдістемелік құжаттар жинағы (2001-2007). – Астана, 2007. 364 б.
Тарих ғылымдарының кандидаты Р.Х. Сариеваның редакциялауымен.
Құрастырушы Бірімқұлова Н.З.
Жинаққа мұрағаттық заңнаманы пайдалану саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін қолданыстағы негізгі нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын толықтыру, сақтау және пайдалану мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік нұсқаулықтар енгізілген.
Жинаққа 2001-2007 жылдары қабылданған 26 құжат енгізілді.
Басылым мемлекеттік мұрағат мекемелерінің практикалық жұмысында, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттамалық және мұрағаттық қызметтерінде пайдалануға арналған.