Мұрағат ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, ғылыми-әдістемелік құжаттар жинағы (2001-2009)
Мұрағат ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, ғылыми-әдістемелік құжаттар жинағы (2001-2009). – Астана, 2009. 372 б.
Тарих ғылымдарының кандидаты Р.Х. Сариеваның редакциялауымен.
Құрастырушылар: Бірімқұлова Н.З., Ыдырысов М.Қ.
Аталмыш жинақ 2007 жылы орыс тілінде шыққан басылымның толықтырылып, мемлекеттік тілге аударылған нұсқасы болып табылады. Жинаққа мұрағаттық заңнаманы пайдалану саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін қолданыстағы негізгі нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын толықтыру, сақтау және пайдалану мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік нұсқаулықтар енгізілген.
Басылым мемлекеттік мұрағат мекемелерінің практикалық жұмысында, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттамалық және мұрағаттық қызметтерінде пайдалануға арналған.
Жинаққа 2001-2009 жылдарымұрағат ісі саласында қабылданған 26 құжат енгізілді.