2021 жылдың ақпанын айынан бастап Ғылыми кеңес құрылып, жұмыс жүргізуде.
2021 жылғы 3 наурыздағы Ғылыми кеңес отырысы хаттамасының 3.1. тармағына сәйкес 2021 жылдың 23 маусымында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
19 қазанда Тәуелсіздік кезеңін зерттеуге бағытталған Мемлекет тарихы институтымен бірлескен «Ғылыми лаборатория» жобалық кеңсесі ашылды.
Мемлекет тарихы институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ғылыми лабoраторияның жұмыс жоспары жасалып, жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар,6 желтоқсанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлескен«Қазақстан тарихы» кабинеті ашылып, жас тарихшы-ғалымдармен жұмыс жүргізілуде.
2022 жылы Ұлттық архив қорын отандық және шетелдік архивтерде, музейлерде, кітапханаларда және ғылыми орталықтарда сақталған Қазақстан тарихына қатысты құжаттармен толықтыруға және ғылыми айналымға енгізуге бағытталған «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары аясында Ресей Федерациясы, Германия, Чехия, Түркия, Венгрия, Татарстан, Қырғызстан архивтері мен кітапханаларында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік сақтауға алынған құжаттардың тізімдемесі www.ulttykarhiv.kz сайтына орналастырылды.
Сондай-ақ, «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары аясында 9 жинақ:«Ақселеудің асыл мұрасы»,«Ақмоладан… Нұр-Сұлтанға дейін» фотоальбомы, «Отанына оралған құжаттық қазына» І, ІІ, III, IV томдары, «История столицы Казахстана», «Архивтегі аманат» фотоальбомы және «Архив-2025: Ұлт тарихындағы жаңа деректер» жарық көрді.