Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірінің маңызды жақтарын сипаттайтын құжаттарды сақтайды. Бұл құжаттар тарихи оқиғаларды, қоғамның және мемлекеттің даму кезеңдерін, атақты саяси және мемлекеттік қайраткерлердің, ғылым, мәдениет, өнер өкілдерінің өмірін бейнелейді.

Мұрағатта сақтаудағы құжаттар Қазақстан Республикасы тарихының 1991 жылдан осы күнге дейінгі кезеңін қамтиды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты – қалыптасудағы мұрағат. Мұрағат қорлары үнемі толығуда. Мұрағаттың толықтыру көздері құжаттары тұрақты сақтауға жататын республикалық маңызға ие мекемелер болып табылады. Бұл:

-     мемлекеттік билік органдарының, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың және басқа да мемлекеттік құрлымдардың құжаттары;

-     мемлекеттік меншк үлесі басым аралас меншік нысанындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және бірлестіктердің құжаттары;

-     мұрағатқа заңды негізде түскен саяси партиялардың, қоғамдық

-     бірлестіктердің және қорлардың, мемлекеттік емес құрылымдардың мұрағаттық қорлары мен мұрағаттық құжаттары, сондай-ақ, жеке тұлғалардың қорлары, коллекциялары және құжаттары;

-     әкімшілік және экономикалық реформалар нәтижесінде жабылған (немесе қайта құрылған) республикалық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттары.

«Қазақстан Республикасы Парламентіне қарасты ұйымдар құжаттарының коллекциясы», «Шет ел мемлекеттерінің мұрағаттарынан, кітапханаларынан және ғылыми мекемелерінен алынған құжаттар мен материалдар көшірмелерінің коллециясы», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған көрмені дайындау кезінде жиналған құжаттардың коллекциясы» сияқты құжаттар коллекциялары бар.

Аса маңызды тарихи деректер көздерінің бір топтамасын Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылатын жеке тек құжаттары құрайды. Олар өзінде жеке тұлғанын ой елегінен өткен аса құнды ретроспективтік ақпараттарды сақтайды. Жеке тек құжаттарының ерекшелігі олардың мазмұнының алуантүрлілігі мен көпжақтылығы.

Әр қорға қысқаша ақпарат жасалынған. Ақпарат қордың:

-     атауынан (қор иесінің соңғы атауы бойынша);

-     анықтамалық мәліметтерден (нөмірі, көлемі (сақтау бірлігінде);

-     құжаттардың сипаттамасынан (шеткі уақыты, ұйымның, кәсіпорынның,

-     мекеменің қызметін бейнелейтін құжаттар туралы міліметтер; жеке құрам бойынша істердің мазмұны туралы мәліметтер) тұрады.

Барлық сұрақтар бойынша мынадай байланыс телефондарына хабарласуға болады: 8 (7172) 44-62-78 (ішкі 152, 157, 158)

astana 20

ЛОГО ПРОМРЕВОЛЮЦИЯ РУС

egovkz ru

   
   
Разработка сайтов - SEOPRO