001  2017 жылғы 29 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне және Жаңа жыл мерекесіне орай жиын өтті. Жиында архив директоры Ж.М. Махашов архив қызметкерлерін еліміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен және келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, ұлттық архивте өткізілген іс шараларға белсене араласып, өз міндеттерін жауапкершілікпен орындап, тарихымызды сақтауға қосқан орасан еңбектері үшін алғыс айтты.

DSC 0013  2017 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Рухани жаңғыру – рухани мәдениетіміздің дамуының негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант, Халық Қаhарманы Ертаев Б.Е., «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Ө.Озғанбаев, «Нұр Отан» партиясы Есіл ауданы төрағасының бірінші орынбасары А.Сейітов, сонымен қатар тағы басқа қоғамдық ұйым басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

001  2017 жылдың 26 қазанында Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Астана қаласы «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалымен бірлесіп мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру бойынша «Латын әліпбиі: Жаңғыру – жазудан басталады» іс-шарасын өткізді.

DSC 0105  2017 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 24-жылдығы мерекесіне арналған іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві бірігіп «Елбасы – ел тірегі» құжаттық көрмесін және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.

006   2017 жылдың 19 қазанында «Семей ядролық полигоны» қоғамдық қоры мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві бірлесіп «Семей ядролық полигонының табиғатқа, адамдардың өмірі мен денсаулығына әсері» тақырыбында республикалық конференция өткізді.

astana 20

ЛОГО ПРОМРЕВОЛЮЦИЯ КАЗ

egovkz kz

   
   
Разработка сайтов - SEOPRO