«Оқу жылының басы әрбір оқушыға мереке болуы тиіс» деп санайды Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қызметкерлері. Сондықтан да, қалыптасқан дәстүр бойынша, 2016 жылдың 29 тамызында архивте «Баланы мектепке дайындайык» акциясы өтті.

Шараға Ұлттық архивтің барлық қызметкерлері атсалысты. Ата-аналары архивте қызмет ететін сегіз бүлдүршін 1 қыркүйекте астаналық мектеп табалдырығын аттағалы отыр.

Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві республикамыздағы үлгілі мұрағат мекемесі болып табылады. Ұлттық Бизнес Рейтингілер одағының 2014-2015 жж. нәтижелері бойынша, бюджетке салық және басқа да төлемдерді төлеу бойынша ақпаратты саралау барысында жасалған Қазақстан Республикасы ұйымдарының қызметі бойынша жалпымемлекеттік қаржы-экономикалық талдау нәтижесі негізінде құрмет көрсетуі бұған тағы бір дәлел болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы ұйымдарының арасында «Сала көшбасшысы» мәртебесіне ие болды, «Жалпы салық» номинациясында – рейтинг «Алтынына» қол жеткізді. Осындай құрметті атаққа Қостанай облысының Мемлекеттік архиві де ие болды.

2016 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында достық ниетпен Польша Республикасының Сыртқы істер министрінің экс-орынбасары, Еуропарламенттің экс-депутаты, ғалым және қоғам қайраткері Павел Коваль болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Әбсеметов Павел Ковальмен өткен сұхбат барысында депортацияланған және саяси қуғын-сүргінге ұшыраған поляктар тарихына қатысты біраз мәселелерді талқылады.

2016 жылдың 16 тамызы күні «Нұр Отан» партиясының Есіл ауданының филиалы Елордамызда спорт күнін атап өтуіне орай футболдан мини-турнир өткізді.

Бастауыш партия ұйымдары өкілдерінен тұратын 16 команда арасынан Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің футбол командасы I орын алып, Есіл ауданының Чемпионы атағына ие болды.

2016 жылдың 30 мамырында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-аналитикалық орталығы мен Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бірлесіп осы айтулы датаға арналған құжаттық көрме ұйымдастырды.

astana 20

ЛОГО ПРОМРЕВОЛЮЦИЯ КАЗ

egovkz kz

   
   
Разработка сайтов - SEOPRO