2015 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында достық ниетпен Қазақстандағы Латвия елшісі Юрий Погребняк болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының бас директоры М.О. Әбсеметов жоғары мәртебелі қонақпен екі достық елдер Қазақстан мен Латвия тарихына қатысты бірқатар мәселелер талқылады.

Марат Оралбайұлы Қазақстан тарихына, атап айтсақ Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жж. ұлт-азаттық көтерілісі, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы қазақ халқының қасіреті, Ұлы Отан соғысы сынды парақтарына қысқаша тоқталып өтті.

Тағдыр тәлкегімен көптеген еуропалық елдер өкілдері соғыс кезінде Қазақстан аумағына жер аударылған. Бұл фактілерді Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына тұрақты сақтауға алынған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құжаттары айғақтайды (құпиясыздандырылмаған).

Юрий Погребняк ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдарындағы Қазақстан аумағындағы әскери тұтқындар мен бас бостандығынан айырылған Спасск лагері мен АЛЖИР-де болған латыштардың тағдырына қатысты ақпарат білуге үлкен ықылас танытты. Мамандығы тарихшы болғандықтан оған зерттеу мақсатында өз отандастарына қатысты қандай да болса ақпарат өте маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар екі ел тарихына қатысты құжаттар алмасу бойынша өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге келді.

astana 20

ЛОГО ПРОМРЕВОЛЮЦИЯ КАЗ

egovkz kz

   
   
Разработка сайтов - SEOPRO