2015 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты белгілі тарихшы, мұрағатшы-аудармашы, 400-ден астам мұрағаттық зерттеу мақалаларының авторы, «Қаһарлы 1916 жыл» шежіресі, «Махамбет энциклопедиясы» мен «Әуезов және мұрағат» жинақтарының құрастырушыларының бірі және «Қазақстан халық коммисарлары» көлемді еңбегін орыс тілінен қазақ тіліне аударған Зияда Ижановтың 4 томдық кітаптарының тұсаукесері өтті.

2015 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында достық ниетпен Қазақстандағы Латвия елшісі Юрий Погребняк болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының бас директоры М.О. Әбсеметов жоғары мәртебелі қонақпен екі достық елдер Қазақстан мен Латвия тарихына қатысты бірқатар мәселелер талқылады.

2015 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова материалдық-техникалық жағдайымен және еліміздегі тарихи-мәдени құжаттық мұралардың сақталу жай-күйімен танысу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында болды.

2015 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 24-жылдығы мерекесіне арналған іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты «Нұр Отан» партиясы және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірігіп «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» құжаттық көрмесін өткізді.

 

2015 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты қазақ мемлекеттік және қоғам қайраткері, ойшыл, ғалым, Түркістан халықтарының көсемі Мұстафа Шоқайдың 125-жылдығына орай «Мұстафа Шоқай: Алаш арысы» атты құжаттық көрмесін өткізді.

astana 20

ЛОГО ПРОМРЕВОЛЮЦИЯ КАЗ

egovkz kz

   
   
Разработка сайтов - SEOPRO