2014 жылдың 30 қаңтарында «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты бастапқы партия ұйымының мүшелері еліміз үшін маңызды оқиға – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

БПҰ төрағасы М. Әбсеметов партия жиналысын ашып, Елбасымыз өз жолдауында ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлтық идеясы Қазақстанның көпұлтты халқының рухани күші мен құндылықтарының бірлігі екендігін атап өтті.

2014 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатында мекеме құрылғанына 20 жыл толуына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мұрағаттың қалыптасуы мен дамуының басты кезеңдерінен мағлұмат беретін «Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатына – 20 жыл» атты көрменің тұсаукесері өтті.

Дөңгелек үстел жұмысын құттықтау сөзімен ҚР Президенті Мұрағатының директоры В.Н. Шепель ашты.

astana 20

ЛОГО ПРОМРЕВОЛЮЦИЯ КАЗ

egovkz kz

   
   
Разработка сайтов - SEOPRO