Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру орталығының тыңдаушылары «Елін сүйген Елбасы» құжаттық көрмесін тамашалады
- Толығырақ
- Қаралды: 9
2019 жылдың 28 қарашасында Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру орталығының «Мемлекеттік құпияларды қорғау» саласы бойынша дайындық курстарының тыңдаушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Елін сүйген Елбасы» құжаттық көрмесін тамашалады.
Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» құжаттық көрмесі
- Толығырақ
- Қаралды: 9
1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан алғаш рет бүкілхалықтық президент сайлауын өткізе отырып, президенттік басқару институтына аяқ басқаны белгілі. Арада 20 жыл өткен соң, 2011 жылдың желтоқсанында Парламент депутаттары бұл датаға ресми астар беру керек деген бастама көтерді. Осылайша, 2011 жылдың желтоқсанында Парламенттің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға енгізілген өзгеріс қабылданды. 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келеді.
Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып Елбасы «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» деген болатын.
Жапон қонақтарымен кездесу
- Толығырақ
- Қаралды: 11
2019 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Ә.Жоламанов Жапония мемлекеті Нара қаласы Ұлттық зерттеу институтының өкілдері Шинья Шода және Эцуко Кагеямамен кездесу өткізді.
Таиланд Корольдігі Елшілігі делегациясы Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде
- Толығырақ
- Қаралды: 24
2019 жылдың 6 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасындағы Таиланд Корольдігі Елшісінің кеңесшісі, Дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Парадорн Рангсимапорн мырза және Екінші хатшысы Вонгсакорн Чайчана мырзамен кездесу өтті.
«Батырдың баянды ғұмыры» дөңгелек үстелі
- Толығырақ
- Қаралды: 25
2019 жылғы 5 қараша күні Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың ерлік жолын көрсететін «Батырдың баянды ғұмыры» атты дөңгелек үстелі өтті.
Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаевтың жеке тектік қоры Ұлттық архивке 2018 жылы қабылданып, Қазақстанның Ұлттық архив қорын тарихи құнды деректермен толықтырды. Жеке тектік қорлар мәдениет, ғылым, саясат және өзге де салаларда ерекше еңбегімен танылған, мемлекеттік марапаттарға ие болған жеке тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің құжаттарынан құрылады және халықтың рухани қазынасы болып табылады.
«Еуразика» Еуро-Азиялық бөлімшесінің ХХ мерейтойлық Жалпы конференциясы
- Толығырақ
- Қаралды: 22
Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында Халықаралық архивтер кеңесі Еуро-Азиялық бөлімшесінің (Евразика) ХХ мерейтойлық Жалпы конференциясы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік архив қызметі басшыларының консультативтік кеңесінің отырысы және «Архив құжаттарын пайдаланудың қазіргі заманғы мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде.
Елорда тарихы архивтік құжаттарда
- Толығырақ
- Қаралды: 28
2019 жылдың 25 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына жариялаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Ұлы Дала тарихы: көне дәуірден қазіргі заманға дейін» атты Еуразиялық форум өтті.
II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
- Толығырақ
- Қаралды: 38
2019 жылдың 17 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Архивінде «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» тақырыбындағы II халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің директоры Ә.Жоламанов аталған конференцияға қатысуда.
Қазақтың жоғын жоқтаушы
- Толығырақ
- Қаралды: 52
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің негізгі міндеттерінің бірі жеке тектік қорларды жинақтау болып табылғандықтан, жеке қорлар арқылы тарихтан тағлым алып, өткенді саралап, зерделеуге мол мүмкіндіктер беретін архивтік құжаттарды тұрақты сақтауға қабылдап келеді. Ағымдағы жылдың қазан айында жеке қорларымыз белгілі зерттеуші-ғалым, музейтанушы Марат Ескендірұлының (Әбдешев) құнды құжаттарымен толықты.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
- Толығырақ
- Қаралды: 40
2019 жылдың 4 қазаны күні Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Жадымыздан өше бастаған және жаңа есімдерді ғылымның сан тараулы саласынан іздестіру. Қазақстан: 1960-2000 жж.» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві мен Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві бірлесіп ұйымдастырды.
Конференция архив саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының 2018 жылдың 5 сәуірінде өткен Бірінші отырысында бекітілген ресейлік және қазақстандық архивистердің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.
Ұлттық архивте дөңгелек үстел өтті
- Толығырақ
- Қаралды: 44
2019 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі" атты Жолдауын талқылау бойынша «Президент жолдауы: мәдениет саласының дамуы» дөңгелек үстелі өтті.
Отырысқа еліміздің белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлері, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының және Есіл ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты.