"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 8 мамырдағы N 247 Заңы

 

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 8, 55-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 11 мамыр N 122-123 (24698)


 

       1-бап.  "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 435-құжат; 2001 ж., N 21-22, 286-құжат; 2003 ж., N 10, 53-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттiк мұрағаттар ақылы негiзде жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге құқылы.
      Мемлекеттiк мұрағаттардың ақылы жұмыстары мен қызметтерiне тек қана:
      1) ұйымдар мұрағаттарының және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерiнiң жұмысын жетiлдiру жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлеу және енгiзу;
      2) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу;
      3) жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтiнiмдерi) бойынша құжаттама жасау мен құжаттаманы басқарудың қазiргi заманғы негiздерiн оқыту жөнiндегi курстар мен семинарларды өткiзу;
      4) мұрағат iстерi мен құжаттарды реставрациялау, түптеу, мұрағаттық қораптар дайындау;
      5) мұрағат құжаттарының сақтандыру көшiрмелерiн дайындау, мәтiндерiн қалпына келтiру, микрофильмдердiң, кино құжаттарының, фото негативтерiнiң, құжаттардың түрлi-түстi слайдтарының, сондай-ақ қағаздағы және электрондық негiздегi құжаттардың көшiрмелерiн түсiрiп алу;
      6) мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппарат жасауда және оны жетiлдiруде әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;
      7) тапсырыстар (өтiнiмдер) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы ақпаратты анықтауды жүргiзу және мұрағат құжаттарының көшiрмесiн алу жатады.".

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

astana 20

ЛОГО ПРОМРЕВОЛЮЦИЯ КАЗ

egovkz kz

   
   
Разработка сайтов - SEOPRO