Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің (бұдан әрі – Ұлттық архив) толықтыру көзі ретінде қызметінде Ұлттық архив қорының (бұдан әрі – ҰАҚ) құжаттары қалыптасатын ұйымдар мен жеке тұлғалар әрекет етеді.

Мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары Ұлттық архивтің толықтыру көзі тізіміне міндетті түрде енеді.

Мемлекеттік емес меншіктегі ұйымдар, сонымен қатар жеке тұлғалар Ұлттық архивтің толықтыру көздері - ұйымдардың тізіміне мұрағат ісі және құжаттау саласы бойынша ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде енгізіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің толықтыру көздері – ұйымдары тізіміне: өкілетті билік, соттық билік, министрлік, агенттік, комитет, мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік мекеме, республикалық мемлекеттік кәсіпорын, республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, білім автономиялық ұйымы, жеке мекемелер, федерация, қоғамдық бірлестік, кәсіподақ ұйымдары енгізілді.

Ұлттық архивтің толықтыру көздері-ұйымдарының қайсысына ҰАҚ толықтыру қызметінің ведомстволық және жеке меншік архивтермен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкерлері арасында кураторлық жұмысы міндеттелген. Ұлттық архивтің толықтыру көздері-ұйымдарын ҰАҚ толықтыру қызметінің қызметкерлері арасында үлестіру бекітілген.

Ұлттық архив толықтыру көздері-ұйымдарымен бірігіп Сараптау-тексеру комиссиясының отырыстарына, оның өкілеттілігіне сәйкес құжаттау және құжаттаманы басқару ережелерін, үлгілік, жеке істердің номенклатурасын, архив және сараптау комиссиясы туралы ережелерді қарайды және келісуге дайындайды.

Сонымен қатар ҰАҚ толықтыру қызметінің ведомстволық және жеке архивтермен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкерлері Ұлттық архивтің толықтыру көздері-ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетеді, атап айтқанда кеңестер мен семинарлар өткізеді.

ҰАҚ толықтыру қызметінің ведомстволық және жеке архивтермен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкерлері Ұлттық архивтің толықтыру көздері-ұйымдарындағы ведомстволық (уақытша) сақтаудағы құжаттардың көлемі мен құрамын, олардың сақтау шарттарын анықтау мақсатында ұйымдарға шығу ұйымдастырылады. Шығу бекітілген кесте негізінде жүзеге асырылады. Шығу нәтижесі бойынша анықтама жасалады және ұсыныстар беріледі.

Ұлттық архивтің толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардан құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауды ҰАҚ толықтыру қызметінің қызметкерлері бекітілген қабылдау кестесі негізінде жүзеге асырады.

 

Ұлттық архивке мұрағат ісі және құжаттау саласы бойынша ынтымақтастық мәселесі, мемлекеттік сақтауға ұйымдардың құжаттарын қабылдау-тапсыру сұрақтары бойынша хабарласу:

тел: 8 (7172) 446278 (ішкі 126, 119, 180), e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

astana 20

ЛОГО ПРОМРЕВОЛЮЦИЯ КАЗ

egovkz kz

   
   
Разработка сайтов - SEOPRO