Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты еліміздің даму тарихын айғақтайтын құжаттармен үнемі толықтырылып отырады.
            2018 жылдың 1 қаңтардағы есеп бойынша 237 мұрағаттық қор мемлекеттік сақталуда. Оның ішінде: басқарушылық құжаттар қоры – 198, ғылыми-техникалық құжаттар қоры – 2, жеке тұлғалар қоры – 37. Мемлекеттік сақталуда барлығы – 337 мыңнан астам сақтау бірлігі бар.
            Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында жинақталған құжаттар:
            - мемлекеттік басқару органдарының (қор № 2 «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі», № 152 «Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты», № 176 «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі», № 3 «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы», № 4 «Қазақстан Республикасы Премьер министрінің Кеңсесі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты)», № 5 «Қазақстан Республикасының Конституциялық соты», № 6 «Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты», № 7 «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Төрелік соты», № 8 «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі», № 9 «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы»);
            - қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің («Асар» Республикалық Партиясы» РҚБ», «Қазақстаның Азаматтық партиясы» РҚБ);
            - әкімшілік экономикалық реформалар барысында жойылған (немесе қайта құрылған) республикалық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың;
            - министрліктердің, комитеттердің, департаменттердің, экономикалық ұйымдар мен кәсіпорындардың, статистика, қаржы және кеден органдарының;
            - ұлттық компаниялардың, жарғылық қорында мелекеттік меншік үлесі басым акционерлік қоғамдардың;
            - құрылыс, көлік тасымалы, байланыс; ауыл және орман шаруашылығы; геология, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау; мұнай өнеркәсібі, энергетика; еңбек және халықты әлеуметтік қорғау; төтенше жағдайлар; білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ақпарат, байланыс және т.б. салалардың тарихын сипаттайды.
            Шетел мұрағаттарында сақталудағы құжаттар көшірмелерінің мол көлемі № 83 «Шетел мұрағаттарынан, кітапханаларынан, ғылыми мекемелерінен алынған құжаттар мен материалдар коллекциясы» мұрағаттық қорда жинақталған.
            Мемлекеттік сақтауға М. Жолдасбеков, Р. Сариева, Әбсаттар қажы Дербісәлі, М. Нәрікбаев, Н. Ораз, Насролла Мубашшир ат-Тарази, А. Сейдімбек, К. Әбитов, Қ. Қазкенов, Қ. Салгараұлы, І. Жақанов, К. Салықов, Р. Кәкімов, Ф. Кәрібжанов, С. Ударцев, Ә. Тарази (Әшімов), С. Исхаков, М. Әбсеметов, Ж. Ташенев, Б. Құсанбек, А. Марғұлан, А. Мұсахожаева сынды көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, ақындардың, жазушылардың жеке тек қорлары қабылданды.

            Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының қорлары туралы қажетті мәліметтерді мынадай байланыс телефондары арқылы алуға болады: 8-7172 (44-62-78, ішкі 152, 157)

01.04.2018-ға қорлар туралы ақпарат

astana 20

ЛОГО ПРОМРЕВОЛЮЦИЯ КАЗ

egovkz kz

   
   
Разработка сайтов - SEOPRO