Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің сақтауындағы құжаттармен оқу залында танысуға болады.

Оқу залының жұмыс тәртібі мынадай нормативтік құжаттармен белгіленеді:

– Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Архивтер мен құжаттама басқару комитетінің 2000 жылғы 2 қазандағы № 58 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің оқу залында зерттеушілердің жұмыс тәртібі»;

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1604 қаулысымен бекітілген «Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары».

Ғылыми-зерттеу жұмыстар, немесе басқа бір қызметтік тапсырманы орындаушы пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің оқу залына оларды жіберген мекеме мен ұйымның хаты негізінде кіргізіледі. Жеке азаматтар құжаттармен өзінің жеке өтініші негізінде жұмыс жасай алады.

Хатта немесе жеке өтініште пайдаланушының аты-жөні, тегі, қызметі, ғылыми атағы немесе ғылыми дәрежесі, зерттеудің тақырыбы мен хронологиялық аясы көрсетіледі. Пайдаланушыға оқу залында жұмыс жасауға рұқсатты Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басшылығы қажет мерзімге, тәртіп бойынша, рәсімделген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге береді. Оқу залына алғаш келгенде өзіңде жеке басты куәландыратын құжат болуы және белгіленген үлгімен сауалнама толтыруы керек.

Қажет құжаттарды іздестіруді жеңілдету үшін оқу залында қорлардың электронды тізімі бар, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің веб-сайтында қорлар туралы ақпарат бар. Мұрағатта әрбір қорға тізімдеме, яғни бір қордың ішкі құжаттарының құрамы мен мазмұнынан мағлұмат беретін архивтік анықтамалық бар. Сонымен қатар пайдаланушылар керек кеңесті (мәселен, архивтік анықтамалықтармен қалай жұмыс жасау керектігін, қажет құжаттардың іздестіру мәліметтерін қалай дұрыс көшіріп жазу керектігін және т.б.) оқу залының қызметкерінен алуына болады.

Оқу залында жұмыс жасауға істер пайдаланушыға өздері толтырған сұраныс бланкісі негізінде тапсырыс берген сәттен келесі жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі. Бір күнге небәрі 10 іс беріледі. Реферат жазу немесе ғылыми жоба дайындау үшін оқушыларға (10-12 сыныптар) небәрі 5 іс беріледі. Курстық жұмыс жазу үшін студенттерге небәрі 5 іс, диплом жазу үшін 10 іс беріледі. Басқа қалалардан келген пайдаланушыларға сұраныс берген күні (егер сұраныс түске дейін жасалса) небәрі 20 іс беріледі.

Істерді қайтару немесе кешіктіру мынадай жағдайларда болады:

1) олардың физикалық жағдайының нашарлығында;

2) қор құрушы құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің сақтауына өткізген кездегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген құжаттарды пайдалануды шектеуде;

3) істерді басқа пайдаланушыға немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қызметкеріне бергенде;

4) істер мен құжаттарды уақытша пайдалануға басқа мекемелерге бергенде;

5) сұраныстағы материалдарды көрмеге қойып көрсеткенде.

Пайдаланушылар тапсырыс берген құжаттардың көшірмелері бір істің беттер санының 10 %-нан аспауы керек (мәселен, бір істе 100 бет болса, онда көшірме саны 10 бетті құрайды).

 

Оқу залы жұмысының регламенті:

 

Дүйсенбі

10.00 – 12.30

үзіліс 13.00 14.00

14.30 – 16.30

Сейсенбі

10.00 – 12.30

үзіліс 13.00 14.00

14.30 – 16.30

Сәрсенбі

10.00 – 12.30

үзіліс 13.00 14.00

14.30 – 16.30

Бейсенбі

10.00 – 12.30

үзіліс 13.00 14.00

14.30 – 16.30

Жұма

10.00 – 12.30

үзіліс 13.00 14.00

14.30 – 16.30

Сенбі

Жексенбі

 

демалыс

Айдың соңғы күні

 

тазалық күні

 Өтініш үлгісі

Барлық сауалдар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8 (7172) 446278 (ішкі 150, 151, 155, 164).

astana 20

ЛОГО ПРОМРЕВОЛЮЦИЯ КАЗ

egovkz kz

   
   
Разработка сайтов - SEOPRO