Көрме қызметі – Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві қызметінің дәстүрлі бағыты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде екі көрме залы бар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің көрме залдарында тарихи-құжаттық, тарихи-көркемдік, бұйымдық-тақырыптық көрмелер және ғылыми және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, құжаттық және анықтамалық-ақпараттық басылымдардың тұсаукесерлерін өткізуге орайластырған ақпараттық іс-шаралар табысты өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің көрме залдары өз қызметінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын көпшілікке таратудың архиваралық орталығы болып қалыптасты және Астана қаласындағы ең танымал көрме алаңдары арасынан лайықты орнын алды.

Басқа архивтік мекемелермен ынтымақтастық орнату арқасында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің көрме залдарындағы экспозициялар өзінің мазмұнымен айшықталады және дәстүрлі архивтік немесе көркемдік (мұражайлық) көрмелерден архивтік құжаттар, бірегей фотосуреттер, тұңғыш рет жиі көрмеге қойылатын экспозиция тақырыбын неғұрлым толық және нәтижелі ашатын мұражай бұйымдары үйлесімдігімен ерекшеленеді.

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің көрме залдарында 5-6 көрме қойылады. Қызмет жасаған 2006-2012 жылдар аралығында Астана қаласының ғылыми және мәдени өмірінде елеулі оқиғалар қатарынан орын алған 40-қа жуық көрме өткізілді.

Көрмені көру – тегін.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады:

8 (7172) 446278 (ішкі 150, 164), e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының көрме залдарында көрме өткізудің 2012 жылға жоспары

astana 20

ЛОГО ПРОМРЕВОЛЮЦИЯ КАЗ

egovkz kz

   
   
Разработка сайтов - SEOPRO