Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ғылыми кеңесі (әрі қарай – Ұлттық архивтің ғылыми кеңесі) ғылыми-зерттеу және жариялау-баспа қызметтерін ұйымдастыру және үйлестіру мәселелерін қарастыру, мұрағаттану, деректану және басқа да сабақтас ғылымдардың салалық ғылыми зерттеулерінің деңгейі мен тиімділігін арттыру үшін құрылған қазіргі тұрақты ғылыми-кеңестік орган болып табылады.

Ұлттық архивінің ғылыми кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің нормативтік-құқықтық актілерін, Ұлттық архивтің Жарғысын және басқа да құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Ғылыми кеңесті төраға – Ұлттық архивтің директоры басқарады.

Ғылыми кеңестің құрамына Ұлттық архивтің құрылымдық бөлімшелері басшылары және мұрағаттану, деректану және басқа сабақтас ғылымдармен жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер кіреді.

Ғылыми кеңес туралы ереже, оның құрамы, жұмыс жоспары Ұлттық архивтің директорының бұйрығымен бекітіледі.

Ғылыми кеңес қажеттілігіне қарай, бірақ жылына 4 реттен кем емес шақырылады. Жоспардан тыс отырыстар өткізілуі мүмкін.

Жүктеп алу: Ғылыми кенестің 2012 жылға жұмыс жоспары

astana 20

ЛОГО ПРОМРЕВОЛЮЦИЯ КАЗ

egovkz kz

   
   
Разработка сайтов - SEOPRO