Сайтқа қош келдіңіздер!

Қоғамның рухани, мәдени, ғылыми, әлеуметтік - құқықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан халқының тарихи-мәдени құжаттық мұраларын сақтайтын архивтер, мемлекеттіліктің нысандарын бірі болып табылады.

Жаңа астанада Ұлттық архив құру идеясы бүгінгі уақыт талабына жауап. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2002 жылы 12 желтоқсандағы №01-8.15 тарихи хаттамалық шешімімен Ұлттық архив ғимаратты 2003 жылы Астана қаласында салынатын мемлекеттік нысандар тізбесіне енгізілді.

Бұл әзірше ТМД-ға елдеріне халықаралық стандарттар мен талаптарға сай жоғары технологиялық архивтік құралдармен жабдықталған мекемелердің бірі. Бұл қазіргі заман талабына сай көркем де әсем ғимарат, оның тоғыз қабатты, көк тіреген күмбезді қоймасы шығыстық стилдегі шексіздік пен тұрақтылықты бейнелейді, ал әкімшілік бөлігінің еуропалық стилі Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік елорда орталығын толықтырып тұрғандай. 

Соңғы жаңалықтар


     393f6903 8b26 439c 8f0e cb38289254fdҚала күнін мерекелеу қарсаңында ҚР Ұлттық архивінде мекеме басшысы Жангелді Меңлібайұлы Махашовқа Қазақстан Республикасы Президентінің кандидаты Қ.Тоқаевтың сайлауалды науқанына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат берілді.

        7d9add19 f7e8 4d5a 95d1 241392e62359 2019 жылдың 3 шілдесінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық архиві және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығы бірлесіп «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және мекемелер арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің орындалуы негізінде «Елорда бейнесі архив құжаттары мен сирек басылымдарда» атты құжаттық көрмесін өткізді.

  DSC 0094 minҚазақстан Республикасының Ұлттық архивінде 2019 жылдың 14 маусымында сағат 11:00 де Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасындағы «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру және Ұлы есімдерді насихаттау мақсатында "Замана заңғарлары" атты дөңгелек үстел өткізілді.

WhatsApp Image 2019 05 21 at 17.54.26 82019 жылдың 21 мамырында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Президентіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының сенімді өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу модераторы Президенттікке үміткер К.Тоқаевтың сенімді өкілі, «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымының төрағасы, ҚР Ұлттық архивінің директоры Жангелді Меңлібайұлы Махашов болды.

92944 b0

Қазақстандықтар жер жерлерде «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» деген баталы сөздерден өз бастауын алатын Наурыз мейрамын атап өтуде. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы биылғы жылы Наурыз мейрамын жаңа үлгіде атап өтуді ұсынған болатын: «Заман талабына сай Наурыздың форматын түбегейлі өзгерту қажет. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбие, қадір-қасиет беретін түрлері өте ерекше. Сондықтан, Наурыз мейрамына жаңа реңк беру үшін, адамның ұлтына, діни бағыныштылығына қарамастан, адамгершілік құндылықтарға мән бере отырып, Қазақстан халқы түгел қамтылатындай мазмұнын жасау керек».

2019 жылдың 18 наурызында осындай береке мен бірліктің бастауы, жыл басы мерекесіне арналған салтанатты шара Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде де өтті. Мерекелік шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының өкілдері құттықтап келді.

DSC 0099

         Бүгінгі күні Қазақстан «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығын атап өтуде. Құрылған кезден бастап партия экономика мен саясатта түбегейлі реформалар жүргізуде, қоғам мен мемлекет дамуына жағдай жасап, Н.Назарбаевтың барлық стратегиялық бастамаларын насихаттауда.

       2019 жылдың 14 наурызында «Нұр Отан» партиясының құрылғанына  20 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві «Нұр Отан: 20 жыл жетістіктер мен асулар» атты құжаттық көрмесін өткізді.

       Шараны барлық қатысушыларды партияның мерейтойымен құттықтап, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Махашов Жангелді Меңлібайұлы ашты. «Нұр Отан» партиясын құру және негізгі бағыттарын анықтаудағы басты рөлді оның төрағасы, партия жетекшісі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атқарады. Көрме ұйымдастырушы ретінде құрметті қонақтарға алғысын білдірді.

 

DSC 0167 min

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Алғыс күні қарсаңында 2019 жылдың 28 ақпаны күні «Тағдыр тоғыстырған» атты құжаттық көрмесі өткізілді.

 

 

1ПРЕСС-АНОНС

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АРХИВІНДЕ

АЛҒЫС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ТАҒДЫР ТОҒЫСТЫРҒАН»

АТТЫ ҚҰЖАТТЫҚ КӨРМЕ ӨТКІЗІЛЕДІ

2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 20 жылдығына арналған 22-сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республикамызда Алғыс айту күнін атап өтуді, ал ҚХА құрылған күні – 1 наурызды мерекелік дата күні ретінде таңдауды ұсынды, өйткені ол «барлық ұлттың бір-біріне және депортацияланған халықтарды қабылдап, аяушылық пен қонақжайлылық танытқан қазақтарға алғыс айту күні болар еді»

2016 жылдың 14 қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаев №173 Жарлығымен Қазақстанда Алғыс күнін белгіледі.

IMG 5000

2019 жылдың 21-25 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, құрамында Архив ісі және құжаттама департаментінің басшысы Б.Қ.Тансыбеков және басқарма басшысы А.С.Тоқтаров, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Ж.М. Махашов және директордың орынбасары Ә.С. Несіпбаев болған жұмыс тобы Біріккен Араб Әмірліктерінің архивіне қызметтік іс-сапармен барды

DSC 0142
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ҚР Ұлттық архиві

  "Архивті цифрландыру: дамудың жаңа траекториясы» атты  Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші  өнеркәсіптік  революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес және "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында ҚР Ұлттық Архивінде "Ұлттық архив қоры және архив туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануының 20 жылдығына арналған "Архивті цифрландыру: дамудың жаңа траекториясы» атты  Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

4
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі
ҚР Ұлттық архиві
Қазақстан Республикасының "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Заңның қабылдануына 20 толуына байланысты "Архивті цифрландыру: дамудың жаңа траекториясы" республикалық ғылыми-практикалық конференциясы туралы
Пресс-анонс

astana 20

ЛОГО ПРОМРЕВОЛЮЦИЯ КАЗ

egovkz kz

   
   
Разработка сайтов - SEOPRO